+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА!

Алматы облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Көңілді тапқырлар алаңы» сайысында Еңбекшіқазақ ауданының намысын қорғаған командалар үздік нәтиже көрсетті.

Атап айтқанда, Қ.Сәтпаев атындағы мектептің «Алтын адам» командасы мен Ә.Бөкейхан атындағы мектептің «Бөкейхан» командасы жүлделі І орынға ие болды! 🥇

Бұл – жастардың тапқырлығы мен шығармашылық қабілетінің, сахна мәдениеті мен командалық бірлігінің айқын көрінісі.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Ауданымыздың абыройын асқақтатып, алар асуларыңыз биік болсын! 👏
#КТА #КөңілдіТапқырларАлаңы #ЕңбекшіқазақЖастары #ЖастарЖеңісі