+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Денсаулық

Энтеровирустық инфекция

        Энтеровирустық инфекция – әртүрлі энтеровирус қоздырғыштарымен шақырылатын жіті жұқпалы ауру.

    Инфекция көз: науқас адам, клиникалық белгілері жоқ вирус тасымалдаушы.  Сау адамдарда вирустасымалдаушылық 17-46 % жағдайда кездеседі.

    Берілу механизмі: ауыздық-нәжістік; вертикальді; ауа – тамшылы.

    Берілу жолдары: су арқылы; тағам арқылы; тұрмыстық қарым қатынас арқылы; ауа – тамшылы; трансплацентарлық.

      Энтеровирус қоздырғыштары сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталуымен ерекшеленеді: су тоғандарының бетінде және ылғал топырақта 2 айға дейін сақталады.

    Ашық су қоймалары, ластанған ауыз су тораптары, ластанған шомылу орындарыэпидемиологиялық қауіп топтары болып табылады. 

     Қоздырғыштың қарқынды бөлінуі негізінен аурудың алғашқы күндерінде іске асады. Аурудың клиникалық көріністері білінбей тұрып вирус науқастың қанымен, зәрімен, мұрынның сілекейлі қабығымен және нәжісі арқылы сыртқы ортаға бөліне береді. Вирус нәжіс арқылы 3-4 аптаға дейін, ал иммунитеті төмен адамдарда көптеген жылдар бөлінуі мүмкін.  

    Аурудың инкубациялық кезеңі   орташа есеппен 2 күннен 35 күнге дейін созылады.

      Энтеровирус инфекциясын жұқтыру қауіпі ересектерге қарағанда балалар арасында жоғары болып табылады.  Балалар сырқаттанушылығының үлес салмағы 80-90%, ал оның ішіндегі кіші жастағы балалар 50% құрайды.       Сондықтан да мектептер, балабақшалар аурудың таралуының эпидемиологиялық тұрғысынан жоғары маңызға ие.

     Энтеровирус инфекциясының кең тарайтын уақыты – жаз, күз мезгілдеріне келеді.  

    Бұл жұқпаның 85% жағдайы сипмтомсыз өтеді, 12-14% жағдайында жеңіл қалтырау жағдайында, ал 1-3% әсіресе ерте жастағы және иммундық жүйесі бұзылған балалар арасында өте ауыр жағдайда өтуі мүмкін. 

     Коксаки «В» вирусы жаңа туылған нәрестелерде некрозға, жүрек ауруына шалдықтырып, бас миын, бауырды, бүйректік бұзылыстарға әкеп соқтырып, кейде орталық жүйке жүйесінде менингоэнцефалит көріністерімен көрінеді. Сол сияқты энтеровирус инфекциясына тамырішілік коагуляция және бауыр некрозы тән. 

  Энтеровирус инфекциясы тіркелген кездегі атқарылатын негізгі шараларға күдікті науқасанықталған жағдайда клиникалық және эпидемиологиялық көріністері бойынша ауруханаға жатқызу жүргізіледі. Ұйымдасқан мекемелерде жұмыс жасайтын, жатақханада жататын адамдар науқастанғанда міндетті түрде ауруханаға жатқызылуы тиіс.  

      Жұқпаның алдын-алу мақсатында келесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету қажет:

  — Сапалы ауыз суды тұтыну (орталықтандырылған су көздерінен, қайнатылған және өндіріс жағдайында құйылған суды);

  — Ашық су қоймалары мен белгісіз су көздеріне шомылмау және ол жердің суын тұтынбау;

   — Жеке бас тазалығын сақтану:  көпшілік жиналатын қоғамдық орындардан кейін қолды сабынды сумен не болмаса спиртттік антисептиктермен жуып тазалау;

   -Сапалы тағам өнімдерін тұтыну;

 -Тағам өнімдерін шығаратын өнеркәсіпорындарының, қоғамдық тамақтану обьектілеріндегі санитариялық талаптардың сақталуы; 

   — Тұрғындарға қажетті әлеуметтік – шаруашылық жағдадың жасалуы;

 — Медициналық ұйымдарда, мектепке дейінгі мекелерде, білім беру және басқа да мекемелердегі эпидемияға қарсы шаралардың сақталуын; 

 — Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

      Ең бастысы энтеровирстық инфекцияға ұқсас белгілер пайда болған жағдайда, әсіресе жас балаларда өз бетінше ем жасамай дереу дәрігерге қаралу қажет!

Еңбекшіқазақ аудандық СЭЭБ

басшысының орынбасары Д.Бақберген