+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

2026 жылғы 29 қазанда Есік қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған міндеттерді түсіндіру мақсатында «Есік» бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Е. Сарабеков қатысып, білім беру саласының 80 өкілімен пікір алмасты.

Кездесудің негізгі тақырыбы – инфрақұрылымды дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған міндеттерді іске асыру болды.

Жиын барысында жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту, тұрғын үй құрылысын дамыту, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын салу мен жаңғырту, сондай-ақ инженерлік-коммуналдық желілердің сапасын арттыру мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Атап айтқанда, сапалы жолдар мен қолжетімді тұрғын үйдің, заманауи мектептер мен медициналық мекемелердің халықтың күнделікті өміріндегі маңызы атап өтілді. Сонымен қатар коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту, сумен, жылумен және электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды.

Кездесу барысында инфрақұрылымды дамыту тек құрылыс жұмыстарымен шектелмей, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға ықпал ететіні айтылды.

Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік алды.

Мұндай кездесулер Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басым бағыттарды тұрғындар арасында кеңінен түсіндіруге және қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты дамытуға бағытталған.