+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Қоғам

Қазақстан құрамасы шахматтан алғаш рет олимпиада жүлдесін алды

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан 45-ші Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Біздің команда соңғы турда АҚШ-пен 2-2 есебімен тең түсіп, 18 ұпай жинады. Ал Олимпиаданың фавориті Үндістан әйелдер мен ерлер арасындағы жарыста алтыннан алқа тақты.

 

Әйелдер құрамасында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Әмина Қайырбекова, Ксения Балабаевa, Алуа Нұрман сынға түсті. Олимпиадада 1-2 орын алған ойыншыларға «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы беріледі.

Айта кетейік, бүкіләлемдік шахмат олимпиадасы 2 жылда бір рет өтеді. Осыған дейінгі дода Үндістанның Ченнай қаласында өтіп, Қазақ-стан әйелдер командасы 352 ұпаймен үздік бестікті түйіндеген еді.