+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Кемел білім кілті


Кітап оқу мәдениетін қалып¬тастыру, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу және қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру – «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының негізгі мақсаты. Ел көлемінде жүзеге асырылып жатқан бұл бастама азаматтарды кітап оқуға ынталандырып қана қоймай, оқу мәдениетін күнделікті өмір салтына айналдыруға бағытталған.
Алматы облысында марафонды іске асыруға арналған кешенді жұмыс жоспары әзірленіп, оны білім беру ұйымдары, кітапханалар, мемлекет¬тік органдар, жастар ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік серіктестердің қатысуымен жүзеге асыру көзделген. Жоспардың негізгі басымдықтары – қатысушыларды кеңінен тарту, ақпараттық науқан жүргізу, оқырмандық ортаны дамыту және кітап оқу дәстүрін қоғамның барлық санатына насихаттау. 2026 жылғы қазан айындағы мәлімет бойынша, «Кітап оқитын ұлт» марафонына республика бойынша 1 461 604 адам, оның ішінде Алматы облысынан 112 276 адам тіркелген. Бұл көрсеткіш өңірде кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған бастаманың кең ауқымда қолдау тапқанын көрсетеді.
Қатысушылар «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын педагог», «Парасат», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын зияткер», «Кітап оқитын университет» санаттары бойынша бөлінген.
Мектеп оқушылары мен педа¬гог¬тердің басым үлесі білім беру ұйымдарының марафонды жүзеге асырудағы маңызды рөлін айқын¬дайды. Сонымен қатар колледж білім алушыларының, мемлекеттік қызметшілердің, отбасылардың және басқа да қатысушылардың атсалысуы кітап оқу мәдениетін қоғамда кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.
Отбасылық бағыттың да маңызы ерекше. Бірге кітап оқу, оқыл¬ған шығармаларды талқылау және балаларға оқырмандық үлгі көрсету арқылы отбасындағы рухани байла-нысты нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын дамытуға болады.
Алматы облысында марафонды тиімді ұйымдастыру мақсатында ведомствоаралық үйлестіру, ақпарат¬тық сүйемелдеу және қатысушыларды тарту бағыттары жұмыс жоспарына енгізілген. Жоба аясында білім, мәдениет, жастар саясаты және ішкі саясат салаларының өкілдерін, аудан-қала әкімдіктерін, кітапханалар мен бұқаралық ақпарат құралдарын ортақ жұмысқа жұмылдыру қарастырылған.
Ақпараттық науқан шеңберінде марафонның мақсаты, қатысу тәртібі мен негізгі бағыттарын түсіндіру, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар әзірлеу, қоғам белсенділері мен блогерлерді тарту жоспарланған. Сондай-ақ «Мен оқитын кітап» қысқа бейнероликтер челленджі арқылы оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын әлеуметтік желілерде кеңінен насихат¬тау көзделеді. Мұндай жұмыс¬тар марафон туралы ақпараттың қолжетімділігін арттырып, оқырман тәжірибесін көпшілікпен бөлісуге және кітап оқуды қоғамдық құндылық ретінде орнықтыруға ықпал етеді.
Жұмыс жоспарына сәйкес, мектеп¬терде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және мемлекеттік органдарда ақпараттық кездесулер өткізу, қатысушыларды тіркеуге қолдау көрсету және тұрақты кітап оқу іс-шараларын ұйымдастыру қарастырылған.
Білім беру ұйымдарында кітап оқу сағаттарын енгізу, «Зерделі ұлт» ақпараттық бұрыштарын ашу, педагогтерді тәлімгер ретінде бекіту және қатысушылардың оқу барысына кері байланыс жүргізу жоспарланған. Бұл шаралар марафонға қатысуды бір реттік науқан деңгейінде қал¬дырмай, жүйелі оқырмандық дағды қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекеттік органдарда «Оқи¬тын қызметкер» бағытын дамыту да маңызды міндеттердің бірі. Қызмет¬керлер арасында кітап таныстыру кездесулерін, оқылған шығармалар бойынша пікір алмасуды ұйымдастыру арқылы кәсіби ортада да білімге және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылықты арттыруға болады.
Марафонды жүзеге асыруда кітап¬ханалардың орны ерекше. Алматы облысының жұмыс жоспарында өңірдегі 145 кітапхананы ақпараттық және оқырмандық сүйемелдеу алаңы ретінде пайдалану көзделген.
Кітапханаларда оқырмандарға арналған ұсынымдық тізімдер әзірлеу, кітап таңдауға кеңес беру, шығарма¬ларды талқылау, әдеби кездесулер, дөңгелек үстелдер және пікірталастар өткізу қарастырылған. Сонымен бірге жұмыс істеп тұрған оқырман клубтарын жобаға кіріктіру және жаңа клубтар ашу жоспарланған.
Кітапханалық сүйемелдеудің басты мақсаты – оқырманға қажетті әдебиетті таңдауға көмектесу, оқылған кітаптың мазмұнын терең түсінуге жағдай жасау және кітап төңірегінде пікір алмасатын орта қалыптастыру. Әсіресе ауылдық елдімекендерде оқырман клубтарының дамуы кітап оқу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
Жұмыс жоспары аясында жазу¬шы¬лармен, ақындармен, аудармବ¬шылармен және әдебиет-танушылармен кездесулер өткізу, кітап бағыттары бойынша шеберлік сабақтарын ұйымдастыру көзделген. Сонымен қатар «Бір кітап – бір пікір» жобасы арқылы қатысушылардың оқыған шығармалары туралы қысқаша пікірлерін жинақтап, жариялау жоспарланған. Бұл бастама оқырмандардың өз ойын жүйелі жеткізуіне, шығарманы талдау қабілетін дамытуына және өзгелерді кітап оқуға ынталандыруына мүмкін¬дік береді.
Марафонға қоғам қайраткерлерін, мәдениет өкілдерін, журналистерді және блогерлерді тарту да ақпараттық жұмыстың маңызды бөлігі саналады. Олардың кітап туралы ұсыныстары мен оқырмандық тәжірибесі көпшілік¬ке үлгі болып, әсіресе жастардың әдебиетке қызығушылығын арттыруға ықпал ете алады.
«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны – білімге құштарлықты арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған қоғамдық бастама. Алматы облысында 112 276 адамның тіркелуі өңір тұрғындарының осы іске қатысу ауқымын көрсетеді. Бүгінде Алматы облысының әкімдігі жинаған ұпай саны бойынша алда келе жатқан үздік оқырмандарды марапаттады.
Марафон аясындағы ұйымдас¬тырушылық, ақпараттық, мәдени-білім беру және кітапханалық жұмыстардың жүйелі жүзеге асуы кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыруға, отбасылық оқу дәстүрін нығайтуға және оқырмандық орта қалыптастыруға негіз болады.
Кітап оқу – жеке адамның дамуына бастайтын жол ғана емес, қоғамның зияткерлік және рухани әлеуетін арттыратын ортақ құндылық. Осы тұрғыдан алғанда, Алматы облысының марафонға қатысуы білімді, ойы терең, рухани бай ұрпақ тәрбиелеу жолындағы маңызды қадам болып саналады.
Ғалия Тоқабаева,
Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының директоры