+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында игі бастама!


Түрген ауылының жергілікті кәсіпкері Степаненко Сергей Иванович мектебімізге мол көлемде кітап сыйлап, білім мен руханияттың дамуына үлкен үлес қосты.
Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, білімнің қайнар көзі, ұрпақ тәрбиесінің сарқылмас бұлағы. Осындай игі іс арқылы оқушыларымыздың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, білімге құштарлығын оятуға зор мүмкіндік жасалды.
Өскелең ұрпақтың рухани дамуына бейжай қарамай, мектеп өміріне қолдау көрсеткені үшін Степаненко Сергей Ивановичке шынайы алғысымызды білдіреміз!

Кітап сыйлау – болашаққа білім сыйлау! 📖❤️