+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Конституциялық реформалар және қоғам

2026 жылғы 15 маусымда Түрген ауылында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Конституциялық реформалар және қоғам: ашық диалог» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шара барысында Конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, олардың қоғамдық-саяси дамудағы рөлі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар реформалардың мазмұны жөнінде пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылып, тұрғындардың құқықтық білімін арттыруға, заңға құрмет пен құқықтық мәдениетті нығайтуға ықпал етті. Іс-шараға жалпы саны 40 адам қатысты.