+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Қоғам

ЛУДОМАНИЯ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Жақында Рахат ауылдық округіне қарасты «Азат негізгі орта мектебінде» жас-тар арасында «Лудомания қоғам дерті» тақырыбында жиналыс өтті.  Іс шараның негізгі мақсаты – жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойға сіңіруге үйрету және құмар ойындардың зардабы елдің дамуына кері әсерін тигізерін түсіндіру.  

Іс шара барысында оқушы-ларға құмар ойындарға қатысты бейнеролик ұсынылды.  Дайындалған слайд бойынша түсіндірме жұмыстары жүр-гізілді. Оқушылар көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Шара соңында жастар құмар ойындардың зиянын түсініп,  ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Лудонмания – адам өмі-рінде басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, матери-алдық және отбасылық құнды-лықтардың төмендеуіне әке-летін паталогиялық ойын құмарлығы. Азарт адамдарды тек материалдық шығынға ұшыратып қоймай, рухани тұрғыда да азғындататыны сөзсіз.

 

Өз тілшіміз.