+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Мектептегі тәртіп — заңның алғашқы сабағы


Мектеп — әрбір адамның білім алып қана қоймай, тәртіп пен жауапкершілікті үйренетін қасиетті ордасы. Мектептегі тәртіп — қоғамдағы заңдылық пен құқықтық мәдениеттің алғашқы баспалдағы.

Әрбір оқушы мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті. Сабаққа уақытында келу, мұғалімдерді құрметтеу, сыныптастарымен сыйластықта болу, мектеп мүлкін күтіп ұстау — тәртіпті оқушының басты қасиеттері.

Тәртіп бар жерде білім бар, ал білім бар жерде болашаққа деген сенім бар. Әр адам өз құқығын біліп қана қоймай, өзгенің де құқығын құрметтеуі керек. Себебі заң мен тәртіп — әділ қоғамның негізі.

Мектеп қабырғасында үйренген тәртіп пен жауапкершілік болашақта жақсы азамат болып қалыптасуға көмектеседі. Өз ісіне жауап бере алатын, заңды құрметтейтін, тәртіпті ұрпақ — еліміздің жарқын болашағы.

Қорытындылай келе, мектептегі тәртіп — тек ереже сақтау емес, ол адамгершілікке, сыйластыққа және заңды құрметтеуге үйрететін алғашқы өмір сабағы. Тәртіпті ұрпақ — тәртіпті қоғамның кепілі!