
Меншік құқығы – әр азаматтың Конституциямен қорғалатын негізгі құқықтарының бірі.
Әркім өз мүлкін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы. Заң азаматтардың жеке меншігін қорғауға кепілдік береді және меншікке заңсыз қол сұғуға жол бермейді.
Әрбір азамат өз құқықтары мен міндеттерін білуі, өзгенің меншігіне құрметпен қарауы қажет. Егер меншік құқығы бұзылған жағдайда, заң аясында тиісті органдарға жүгініп, өз құқығын қорғауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, мүлікті заңсыз иемдену, бүлдіру немесе оған зиян келтіру заң алдында жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
Меншік құқығын құрметтеу – заңдылық пен қоғамдық тәртіптің негізі. Әр азаматтың құқығы қорғалған қоғамда әділдік пен жауапкершілік нығаяды.
