+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Нашақорлыққа жол жоқ

«Нашақорлыққа жол жоқ! Болашағыңды таңда!»
Нашақорлық – қазіргі қоғамдағы ең өзекті әрі қауіпті мәселелердің бірі. Ол адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, өміріне, отбасына және болашағына үлкен қауіп төндіреді.

Нашақорлықтың алдын алу – баршамызға ортақ міндет. Әрбір жасөспірім зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануы қажет. Бос уақытты тиімді пайдалану, спортпен шұғылдану, білімге ұмтылу және жақсы орта таңдау – жарқын болашақтың кепілі.

Есірткіге әуестену адамның арманы мен мақсатын аяққа таптап, өмірін құрдымға жіберуі мүмкін. Сондықтан кез келген күмәнді ұсынысқа батыл түрде «ЖОҚ!» деп айта білу керек.

Біздің ұстанымымыз – есірткісіз өмір, салауатты қоғам және жарқын болашақ!

Есіңде болсын: сенің өмірің – өз қолыңда! Өзіңді бағала, денсаулығыңды сақта, болашағыңа бейжай қарама!

«Нашақорлыққа жол жоқ! Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!»