
Өнегелі әкелер – ел мақтанышы
2026 жылғы 19 маусымда Бөлек ауылдық округіБөлек мәдениет үйінде «Қоғамдық келісім және даму орталығы» бөлімінің ұйымдастыруымен «Өнегелі әкелер – ел мақтанышы» атты көпбалалы және белсенді әкелерін салтанатты марапаттау рәсімі және мерекелік концерт өтті.
Іс-шараға Алматы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Жошибаева Гүлнәр Сағатовна, Еңбекшіқазақ аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Исатаева Роза Омарқызы қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар ізгі тілектерін білдіріп, жүрекжарды құттықтауларын жеткізді.Сондай-ақ мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, марапаттау рәсімі өткізілді. Мерекелік шарада Алматы областық Аналар кеңесінің төрайымы Жошибаева Гүлнәр Сағатовна, Еңбекшіқазақ аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Исатаева Роза Омарқызы құттықтау сөз сөйлеп, әкелерге алғыс хаттар табыстады.
Іс-шараның мақсаты – әкенінің отбасы мен қоғамдағы маңызды рөлін дәріптеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау және өнегелі әкелерді үлгі ету арқылы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру.
