
Отбасы бірлігі – спорт алаңында
30 қыркүйек күні аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен отбасылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, отбасы мүшелерінің ұйымшылдығы мен бірлігін нығайту мақсатында «Татулық төріндегі отбасылар» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Сайысқа 3 отбасы қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар 5 кезең бойынша спорттық тапсырмаларды орындап, өздерінің ептілігін, шапшаңдығын және командалық жұмыс қабілетін көрсетті.
Жарыс барысында отбасылар бір-біріне қолдау көрсетіп, белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әр кезең тартысты өтіп, қатысушылар спорттық шеберліктерін ортаға салды.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан отбасыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
