
Қаратұрық ауылында кездесу өтті
Бүгін Қаратұрық бастауыш партия ұйымының мүшелерімен және ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, партияның алдағы жоспарлары мен қоғамды дамытуға бағытталған басым міндеттері туралы баяндалды.
Сонымен қатар қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, ауыл тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасу болды.
Мұндай кездесулер халықпен тығыз байланыс орнатып, тұрғындардың талап-тілектері мен ұсыныстарын ескеруге мүмкіндік береді.
