
Қазақстан Республикасы күніне орай, Republic day акциясына, Еңбекшіқазақ ауданында сауда нысандарының қатысуымен мерекелік акция ұйымдастырылуда.
Аталған акцияға Есік қаласындағы «Тұран», «Алма» және «Байқоңыр» сауда үйлері, Бәйдібек би ауылындағы «Ботакоз» сауда үйі, сондай-ақ Шелек ауылындағы «Алма» сауда үйі қатысуда. Сонымен қатар, акцияға «Сулпак» сауда нысаны да қосылды.
Акция аясында тұтынушыларға әртүрлі тауарларға 10%, 15% және 20% көлемінде жеңілдіктер ұсынылуда.
Аталған іс-шараның мақсаты – Республика күні мерекесіне орай тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, тұтынушылардың сұранысын қолдау және сауда нысандарының белсенділігін арттыру.
