
Қорам бастауыш партия ұйымында Президент Жолдауы түсіндірілді
Қорам бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған кездесу өтті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканы жаңғырту, цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар қатысушылар Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асырудағы әрбір азаматтың жауапкершілігі мен қоғамдық белсенділігінің маңыздылығына тоқталды.
Жиын соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.
