
ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
🏛
👨👩👧👦 «Отбасылық құндылықтар және Конституция» республикалық конкурсына қатысуға шақырамыз!
Конкурс Қазақстан Республикасының Конституциясын, отбасылық құндылықтарды, ата-ана мен бала құқықтары мен міндеттерін насихаттауға бағытталған.
📅 Өткізу мерзімі: 3–14 тамыз
🎥 Қалай қатысуға болады?
🔹 Ұзақтығы 1–3 минут болатын бейнеролик түсіріңіз;
🔹 TikTok немесе Instagram әлеуметтік желісіне жариялаңыз;
🔹 Міндетті түрде төмендегі хэштегтерді белгілеңіз:
АлматыоблысыОтбасыжәнеЗаң
ЕңбекшіқазақауданыОтбасыжәнеЗаң
📌 Бейнеролик тақырыптары:
✔ Балалардың құқықтарын қорғау;
✔ Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері;
✔ Отбасындағы құқықтық мәдениет;
✔ Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу;
✔ Балалардың цифрлық қауіпсіздігі;
✔ Конституция және отбасылық құндылықтар;
✔ «Заңды білу – қауіпсіз өмірдің кепілі».
🏆 Үздік жұмыстардың авторлары І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
📢 Отбасы құндылықтарын дәріптеп, құқықтық мәдениетті бірге қалыптастырайық!
🇰🇿 «Отбасы – құндылықтың бастауы, Конституция – құқықтың кепілі!»
