
Құрылыс пен инфрақұрылымды дамыту – ел өркендеуінің маңызды бағыты
Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің ұжымымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген құрылыс және инфрақұрылымды дамыту бағыттарын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.
Кездесу барысында елді қамтитын ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасының басталуы, өңірлерде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлары кеңінен талқыланды.
Аталған бастамалардың өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және азаматтарға қолайлы жағдай жасауға қосатын үлесі атап өтілді.
Сонымен қатар инфрақұрылымды жаңғырту мен заманауи нысандар салу – елдің тұрақты дамуының маңызды негізі екені айтылды.
