
Сатай мектебінің оқушылары халықаралық байқауларда жеңіс тұғырынан көрінд
і
«Сатай қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушылары халықаралық білім және өнер байқауларында жоғары нәтиже көрсетіп, мектеп мерейін асқақтатты.
Аталған білім ордасының 8 «А» сынып оқушысы Әділбек Жақсылық Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен халықаралық олимпиадада ағылшын тілі пәні бойынша III орын иеленді. Жас зияткер қола медальмен марапатталып, өзінің білім деңгейі мен ізденімпаздығын дәлелдеді.
Сонымен қатар, Ержан Нұрай IV Халықаралық «Open Music Festival Almaty» байқауында I орынға ие болып, алтын медаль жеңіп алды. Бұл жетістік — жас өнерпаздың таланты мен қажырлы еңбегінің, өнерге деген сүйіспеншілігінің нәтижесі.
Оқушылардың бұл жеңістері — олардың табандылығы мен мақсатқа ұмтылысының, сондай-ақ ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен ата-аналарының қолдауының жемісі. Осындай жетістіктер жас ұрпақтың білімге және өнерге деген қызығушылығын арттырып, жаңа белестерді бағындыруға ынталандырады.
