
Шелек ауылында «Бірлік пен татулық – еліміздің белгісі» атты мерекелік іс-шара өтті
21 қазанда Шелек ауылының мәдениет үйінде 25 қазан – Республика күніне орай «Бірлік пен татулық – еліміздің белгісі» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараны ұйғыр этномәдени қоғамдық бірлестігі, Ақсақалдар кеңесі және Ардагерлер ұйымы бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту, сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығын насихаттау.
Мерекелік шара аясында ұйғыр этносының ұлттық мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін таныстыратын көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ұйғыр халқының ұлттық бұйымдары, мәдени мұрасы мен дәстүрлі құндылықтарын бейнелейтін жәдігерлер қойылып, қатысушыларға таныстырылды.
Сонымен қатар ұйғыр халқының салт-дәстүрлеріне арналған арнайы көріністер ұсынылды. Атап айтқанда, бесікке салу, қыз ұзату және басқа да дәстүрлі рәсімдер көрсетіліп, олардың тәрбиелік мәні мен ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан маңызы түсіндірілді. Мерекелік бағдарлама барысында ұлттық өнер мен мәдениет үлгілері де көпшілік назарына ұсынылды.
Аталған іс-шараға облыстық «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ басшысы Е. Абай, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ. Асқарұлы, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Шелек ауылдық округінің ақсақалдар мен аналар кеңестерінің мүшелері, ауыл тұрғындары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.өтіп, студенттер тақырып аясында маңызды ақпараттар алды.
