
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
2026 жылғы 9 маусым күні Есік қаласында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы ақпараттық буклеттер таратылды. Іс-шара барысында азаматтарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның қоғамға тигізетін кері әсері және оған қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тұрғындарға заң талаптарын сақтау, қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайту мәселелері бойынша ақпарат берілді.
