+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Тағзымға толы жол

Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорттық туризм және экскурсиялар орталығының ұйымдастыруымен веложорық өтті.

Аталған спорттық шара үлкен мәнге толы болды. Себебі, велосипед тізгіндеген жас сабаздардың алдына қойылған мақсат – Есік қаласының орталығында орналасқан ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш алдынан Қазақстан ауылына дейін бару. Жол жүріп қана қоймай, жол бойындағы Қаракемер, Ащыбұлақ, Қазақстан ауылдарындағы ҰОС ардагерлерінің  құрметіне арналған ескерткіштерге тоқтап, бабалар рухына тағзым ету.

Шараға Қазатком және А.Бубенцов атындағы орта мектептің 5-7 сынып оқушылары қатысты. Велошабандоздар Есік қаласынан аттанар сәтте аудандық балалар мен жасөспірімдер спорттық туризм және экскурсиялар орталығының директоры Мұрат Ақаев бұл спорттық шараның мәнін ашып, ҰОС ардагерлеріне, батыр бабаларымыздың рухына тағзым етіп, ерліктерін үлгі тұтуды тілге тиек етті. Жауапты шарада жол жүру ережесін қатаң сақтауды ескертіп, сапарларына сәттілік тілеп шығарып салды. Велошабандоздар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен орындап, 40 шақырым қашықтықты құрайтын веложорықты сәтті аяқтады.

Ринат НАРХАНОВ.