
Ташкенсаз ауылында тұрғындармен кездесу өтті
Бүгін Ташкенсаз ауылының тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, партияның алдағы жоспарлары мен қоғамды дамытуға бағытталған басым міндеттері туралы баяндалды.
Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, ауылдың өзекті мәселелері бойынша ашық пікір алмасу болды.
Мұндай кездесулер халықпен тығыз байланыс орнатып, тұрғындардың талап-тілектерін ескеруге және өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік береді.
