
ТАЗА ОРТА – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жалғасуда.
Абаттандыру, аумақтарды ретке келтіру, қоқысты жинау және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің нақты көрінісі.
Тазалықты сақтау тек белгілі бір науқан кезінде ғана емес, күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Әр тұрғын өз ауласы мен көшесінің тазалығына үлес қосса, бұл бүкіл елді мекеннің көркеюіне әсер етеді.
Таза Қазақстан – таза ортадан, таза орта – әр азаматтың жауапкершілігінен басталады.
