+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Қоғам

Тәжірибе алмасу — табысқа жетелейді

Алматы облыстық әдістемелік орталығы колледждегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтауға тәжірибе алмасу мақсатында Есік гуманитарлық экономикалық колледжінде «Педагогикалық тандем» атты байқау өтті. Жәрмеңкеге 15 колледж-ден 32 педагог қатысты.

Алғашқы сөзді алған облыстық әдіс-темелік орталық директорының орынбасары Айжан Төкенқызы:

– Педагогикалық тандем облыстық байқауында жас маман мен тәлімгердің озық тәжірибесінің мүмкіндігін ұсынуға келген барша әріптестерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі бас қосудың басты мақсаты колледждегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығар-машылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау, тәжірибе алмасу. Облыстағы 40 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 220 жас маман педагогикалық қызметін атқарып отыр. Соның ішінде, ағымдағы оқу жылында арамызға қосылған, еңбек жолын жаңадан бастаған жас мамандар саны 82 ге жетті. Әрбір білім ордасы жас буыннан құралған педагогтерге аға буын, орта буын педагогтерінен тәлім-гер бекітіп, кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен жас маманның кәсіптік бейімделуіне практикалық қызмет көрсетіп отырғаны белгілі. Тәлімгерлік жұмыстың жоспарланған шаралары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығы негізінде тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педогогтерге қойылатын талаптар арқылы үйлестіріліп отыр. Облыстық әдістемелік орталық 2013 жылдан бері жас мамандардың әрекетіндегі қиындық-тарды шешу, шеберлігін қалыптастыру, тәжірибені қолдау  мақсатында «Серпін» жобасын, «Жас келсе, іске» байқауын жүргізген болатын. 2023 жылдан бастап «Өркен» жобасы іске қосылды. 21 жас маманнан құралған жоба тәжірибелік кезеңді жүргізіп отыр. Өткен оқу жылында «Педагогикалық тандем» әдістемелік жәрмеңкесіне 19 колледжден 42 педагог 5 ықшам сабақ, 2 таныстырылым, 9 шебер-сынып, 5 бірлескен жобаны ұсынған болса, биылғы байқауға 15 колледжден 32 педагог 4 ықшам сабақ, 2 таныстырылым, 10 шебер-сынып ұсынып отыр. Бұл әдістемелік орталық үшін үлкен жетістік.

«Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деген хакім Абай. Бүгінгі байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында үздік педагог атағын және кәсіби шеберлік конкурстарында жүлделі орындарды  иеленген 10 педагог 10 жас маманға демеуші болып, байқау соңында өз мараппаттарын  ұсынатын болады.  Жас ұстаздарға ұлылықтың жолын көрсеткен педагогтерімізге шынайы ризашылығымызды білдіреміз, – деді Айжан Төкенқызы.

Байқауда облыстық әдістемелік орталық директорының орынбасары Айжан Төкенова, облыстық әдістемелік орталығының ТЖКБ басшысы Шынар Кабиевна, Әл-Фараби атындағы мамандандырылған мектеп-лицейінің математика пәнінің оқытушысы Оразәлі Гулина, «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы-ның әдіскері Сайлигуль Гаппаровна,  Алматы қаласындағы медицина қызмет-керлерінің біліктілігін арттыру оқу орта-лығының оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары Мая Молдағұлова, Педа-гогикалық шеберлік орталығының тренері Марияш Көбеновна,  облыстық әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік бөлімі әдіскері Ақмарал Ғаниқызы қазылық етті.

Аталған ауқымды шара «ықшам сабақ», шебер-сынып, «импровизация» атты конкурстық кезеңдерден құралды. Ықшам сабақ барысында педогогтар мен жас мамандар қызықты тәжірибелер жасап, барынша белсенділік танытты.  Сабақтар аяқталған соң жиналған қауым мәжіліс залында «шебер-сынып», ортақ жұмыс жүйесінің таныстырылымын тамашалады.  «Импровизация» кезеңінде жас мамандар қойылған сұрақтарға регламент сақтай отырып жауап берді.

Әдістемелік жәрмеңкенің қазылар алқасы педагогтердің жұмысына кері байланыс жүргізіп, алдағы уақытта тәжірибеде жетілдіруді қажет ететін жұ-мыстарға ұсыныс білдірді. Қорытынды бойынша қатысушылар марапаталды.

Байқау барысында жас ұстаздардың әлеуетін ашудың өзіндік авторлық жүйелерін жасайтын талантты педагог-тәлімгерлер жұмыс істейтіні және олар-дың әрқайсысының үздік педагогикалық тәжірибесі, авторлық әдістемелері ай-қын көрінді.

Педагогикалық тандем – тәлімгер мен жас маманның бірлескен жобасын, оның өзектілігін, жаңашылдығын көрсете отырып тәжірибе алмасу.Болашақ мамандарды дайындауда жаңашыл педагогтардың, педагогика саласындағы озық тәжірибелерді пайдалану, маманның тұрақты өз білімін арттырып, өзіндік рефлексия жасауына ықпал етеді.

 Әдістемелік жәрмеңкенің қазылар алқасы педагогтердің жұмысына  кері байланыс жүргізіп, алдағы уақыт-та тәжірибеде жетілдіруді қажет ететін жұмыстарға ұсыныс білдірді. Қоры-тынды бойынша қатысушылар марапаталып, номинациялар иеленді.

 

 

Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.