
Түрген ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік іс-шарасы ұйымдастырылды.
Бүгін Түрген ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шараға ауыл тұрғындары белсенді түрде қатысып, елді мекен аумағын күл-қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында қоғамдық орындар мен көшелер ретке келтіріліп, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында маңызды жұмыстар атқарылды.
