+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – адамның өмірі мен денсаулығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қауіп төндіретін құқық бұзушылық.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – адамның өмірі мен денсаулығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қауіп төндіретін құқық бұзушылық. Ол ешқашан ақталмайды және қоғамның қауіпсіздігіне кері әсер етеді.

Әрбір азамат қауіпсіз ортада өмір сүруге құқылы. Егер сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз, үнсіз қалмаңыз. Уақытылы көмекке жүгіну – өзіңізді және отбасыңызды қорғаудың маңызды қадамы.

Құқық қорғау органдары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Зорлық-зомбылықтың кез келген түріне заң аясында тиісті шаралар қолданылады.

Қауіпсіз қоғам – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Зорлық-зомбылыққа қарсы бірге күресейік!