+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Ұстаз атындағы турнир

Асысаға ауылындағы  Т.Қабылов атындағы орта мектептің 100 жылдығына орай ардагер ұстаз Тұрлықожа Алиевті еске алуға арналған волейболдан ашық турнир өтті. Бұл турнирді ұйымдастыруға Тұрлықожа ағайдың  аудандық, облыстық жарыстарда жүлделі орын алып жүрген шәкірттері, осы мектептің түлектері атсалысты.

Тұрлықожа Алиұлы Алматы обылысы Еңбекшіқазақ ауданы Асысаға ауылында 1939 жылы 20 мамырда дүниеге келген.  1964 жылы Алматы физкультура инстутына оқуға түсіп, 1968 жылы оқуын аяқтап, Шелек  ауданына жолдамамен жұмысқа жіберілген.  Ұстаздық еңбек жолы 50 жылдық орыс орта мектебінде дене тәрбиесі пәні мұғалімі болып басталған. Сонымен қатар Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып қызмет атқарған.

Тұрлықожа Алиев 1997 жылы туған ауылына ат басын бұрады. Еңбек жолын Асысыға ауылындағы Төлен Қабылов атындағы орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі  болып жалғастырды. Қабылов мектебінде еңбек ете жүріп, ауыл балаларын спортқа баулыды, волейболдан шәкірттері аудандық және облыстық жарыстардың  жеңімпазы атанды.

Аталған турнирге он команда қатысып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде жеңімпаз атанған «20 үй» командасы 80 мың, ІІ орынды иеленген мектеп оқушылыры құрамасы  60 мың, ІІІ жүлделі орынды иеленген 1995 жылғы мектеп түлектері  35 мың, сондай-ақ 1958 жылғы түлектер төртінші орынды місе тұтып  25 мың теңге және арнайы кубоктар мен марапаттарға ие болды.  Сонымен қатар, «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» номинациясын жеңіп алған ойыншыларға да арнайы сыйлықтар берілді. Тұрлықожа ұстаздың жұбайы Сағатжан апа мен немересіне де сыйлықтар табыс етілді.

Серікбек БАЙСҰЛТАНОВ,

информатика пәнінің мұғалімі.