+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

«Жас құқық қорғаушылар»: құқықтық сауаттылық пен патриоттық тәрбиеге бағытталған форум

2026 жылдың 24 қыркүйек күні «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сатай ауылындағы қазақ жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында «Жас құқық қорғаушылар» облыстық форумы өткізілді.

Форумға Алматы облысының білім беру ұйымдарындағы патриоттық сыныптардан 400 білім алушы және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Форумның мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін нығайту, патриоттық құндылықтарды дәріптеу және құқық қорғау бағытындағы кәсіби бағдар беру жұмыстарын дамыту.

Форум бағдарламасы аясында білім алушылардың құқықтық білімін жетілдіруге, құқықтық нормаларды сақтау мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтық жауапкершілік мәселелерін түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізілді. Қатысушылар құқық қорғау саласының өкілдерімен кездесіп, құқықтық тәрбие мен патриоттық бағыттағы жұмыстар бойынша ақпараттармен және тәжірибелерімен алмасты.

Іс-шара барысында патриоттық сыныптар жұмысының негізгі бағыттары таныстырылып, білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған практикалық жұмыстар ұйымдастырылды.

Форум қорытындысы бойынша қатысушыларға патриоттық және құқықтық тәрбие бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыру, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру бойынша тиісті ұсынымдар берілді.