+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

ЖАС ЖҰБАЙЛАР ДАУЫС БЕРДІ.

Қалыңдықтың ақ көйлегі мен фатасы, күйеу жігіттің классикалық костюмі Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы 123 сайлау учаскесінде бірден көпшілік көзіне түсті. 23 тамызда Әділет пен Алина шаңырақ көтерді. Олардың алғашқы отбасылық мерекесі Құрылтай депутаттары сайлауымен тұспа-тұс келді.

Жас жұбайлар той киімдерімен сайлау учаскесіне барды. Неке қию рәсімінен кейін бірге дауыс беріп, таңдау жасады.

Ерекше жұп учаскеде бірден жұртшылықтың назарына ілікті. Сайлау комиссиясының төрағасы жас отбасыға бюллетеньдерді табыстап, дауыс бергеннен кейін оларды жаңа өмірге қадам басуымен құттықтап, кітап сыйлады.

Сондай-ақ жас жұбайларға бақыт, береке және ұзақ ғұмыр тіледі.