Жұмсақ балмұздақ сапасы: Тұтынушы нені білуі тиіс?
Жұмсақ балмұздақ – балалар мен ересектердіңсүйікті тәттілерінің бірі. Әсіресе жаз мезгіліндеоған деген сұраныс күрт арта түседі. Дегенменсапасыз немесе санитарлық-гигиеналық талаптарсақталмай дайындалған өнім халық денсаулығынақауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан жұмсақбалмұздақ сатып аларда оның сапасына, дайындалужағдайына және сақтау шарттарына ерекше мәнберген жөн.
Сапа мен қауіпсіздікті анықтайтын негізгікритерийлер:
1. Сату орнының тазалығы:
Сауда нүктесінің санитарлық жағдайы талапқа сайболуы тиіс. Қызметкердің арнайы жұмыс киімімен, бас киімімен және бір реттік қолғаппен жұмысістеуі – өнім қауіпсіздігінің басты кепілі.
2. Құрал-жабдықтың жағдайы:
Жұмсақ балмұздақ арнайы фризер аппаратындадайындалады. Құрылғының сыртқы беті таза, өнімқалдықтарынан тазартылуы қажет. Аппарат уақытылы жуылып, дезинфекцияланбаса, микроорганизмдердің көбеюіне жол ашылады.
3. Өнімнің сыртқы түрі:
Сапалы жұмсақ балмұздақ біркелкі құрылымды, табиғи түсті және жұмсақ консистенциялы болуытиіс. Бетінде мұз түйіршіктері байқалса, су бөлінсенемесе түсі өзгерсе, бұл өнімнің дұрыссақталмағанын немесе қайта мұздатылғанынбілдіреді.
4. Дәмі мен иісі:
Өнімнің иісі жағымды, сүт өнімдеріне тән болуышарт. Қышқыл, бөтен немесе өткір иіс, сондай-ақбөгде ащылық байқалса, өнімнің сапасына күмәнкелтіруге негіз бар.
5. Құрамы мен шикізаты:
Сапалы өнім табиғи сүт немесе сүт өнімдері негізінде әзірленеді. Ақпараттық тақтайшада немесе қоспа қаптамасында өндірушінің атауы, құрамы, тағамдық құндылығы мен сақтау шарттары көрсетілуі тиіс.
6. Сақтау температурасы мен шарттары:
Балмұздақ фризерде тұрақты төмен температурадасақталуы қажет. Электр қуаты жиі өшетін немесеөнім ұзақ уақыт бөлме температурасында тұрғанорындардан сақ болған жөн.
7. Жарамдылық мерзімі:
Балмұздақ қоспасының жарамдылық мерзімі өтіпкетпеуі тиіс. Сатушы өнімнің өндірілген күні мен жарамдылық мерзімін көрсететін құжаттардыұсына алуы қажет.
8. Қоспалардың сапасы:
Жемістер, сироптар, шоколад және жаңғақтарсекілді қоспалардың жаңа әрі дұрыс сақталғанымаңызды. Ашық ыдыста ұзақ тұрған немесесыртқы түрі өзгерген қоспаларды пайдалануға жолберілмейді.
9. Сенімді сауда орны:
Тұрақты жұмыс істейтін, санитарлық талаптардықатаң сақтайтын және тұтынушылар арасындажақсы беделге ие ресми сауда орындарын таңдағанжөн.
Еңбекшіқазақ аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
М.Азербаев
