+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясының ашылу салтанаты өтті

2026 жылғы 25 қарашада Есік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің мәжіліс залында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Еңбекшіқазақ аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы, «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, аудандық Жастар ресурстық орталығы, Отбасын қолдау орталығы, аудандық полиция басқармасы, ішкі саясат және білім бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатында акцияның тарихы мен маңызы таныстырылып, зорлық-зомбылық салдарынан зардап шеккен жандарды еске алуға арналған бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Іс-шара барысында «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы Жұман Сембайұлы Мықыбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайсар Асқарұлы және аудандық полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Гүлназ Қанатқызы Сұлтанай сөз сөйлеп, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы жауапкершілікті арттыру мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар қатысушылар назарына зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы сыйластық пен қауіпсіздік тақырыптарында әлеуметтік бейнероликтер ұсынылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Аталған акция 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өткізіліп, осы кезеңде аудан аумағында құқықтық түсіндіру кездесулері, профилактикалық жұмыстар және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Акцияның басты мақсаты – қоғамда зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз қоғам құруға үлес қосу.

Зорлық-зомбылыққа үнсіз қалма! Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!