
Зорлық-зомбылықтың алдын алу – баршаға ортақ міндет.
Әр адам отбасында өзін қауіпсіз әрі еркін сезінуге құқылы. Зорлық-зомбылықты қалыпты жағдай ретінде қабылдауға болмайды. Оның алдын алу үшін отбасындағы өзара сыйластықты, түсіністік пен жауапкершілікті қалыптастыру маңызды.
Балаларға мейірім мен дұрыс тәрбие беру, қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету және зорлық фактілеріне бейжай қарамау – қоғам қауіпсіздігін арттырудың маңызды қадамдары. Әрқайсымыз зорлық-зомбылыққа «жеке мәселе» деп қарамай, оның алдын алуға өз үлесімізді қоса аламыз.
