+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

🇰🇿 «МЕНІҢ ОТАНЫМ» СУРЕТ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағытындағы насихаттау жұмыстары аясында ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында 5–7 сынып оқушылары арасында «Менің Отаным» атты сурет байқауы өткізілді.

🎨 Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерге деген құрметін қалыптастыру, Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Комиссия жұмысы аяқталып, байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

🏆 НОМИНАЦИЯ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

🔹 «Әсерлі техника» номинациясы
Ганиева Мадина – 5 сынып оқушысы
«Балауса» шығармашылық өнер орталығы

🔹 «Жаңа көзқарас» номинациясы
Ернар Айнар – 7 сынып оқушысы
Т. Кенжебеков атындағы орта мектеп

🔹 «Жаңа көзқарас» номинациясы
Турабек Іңкәр – 6 сынып оқушысы
Өрікті ауылының қазақ орта мектебі

🥇 І ОРЫН
Төле Төреәлі – 5 сынып оқушысы
Жетекшісі: Даркембай Рүстем
«Алтын адам» инновациялық мектебі

🥈 ІІ ОРЫН
Шапағат Омар – 5 сынып оқушысы
Жетекшісі: Сермагамбетова А.
Көлді орта мектебі

🥉 ІІІ ОРЫН
Саттар Әмина Медетқызы – 7 сынып оқушысы
Жетекшісі: Тургинбаева Ұлжан

✨ Барша қатысушыларға белсенділігі мен шығармашылық ізденістері үшін алғыс білдіреміз!

Жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық рухы әрдайым биік болсын! 🇰🇿

#МеніңОтаным #СуретБайқауы #ЖасҰрпақ #ПатриоттықТәрбие #Отан #ШығармашылықБайқау #Жеңімпаздар