+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Шелекте зауыт  ашылады

Қытайлық инвесторлардың қатысуымен іске асырылғалы жатқан сұйытылған табиғи газ зауыты Шелек ауылында жақын арада құрылысын бастамақшы.

Бұл істі қолға алғалы жатқан электро энерго сервисінің директоры Серік Тілеубек  өзінің кеңесшісі Асылбек Батталхановпен бірге Шелек ауылдық әкімдігінің мәжіліс залында жергілікті тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жиынын өткізді.

Ауылдың солтүстік жағынан жеті гектар жер алып, қазір жоба жұмысы жүріп жатыр. 20 миллиард қаржы қарастырылған бұл инвестциялық жобаның құрылысы күз айында басталатынын, зауыт іске қосылса, жылына 70 тонна сұйытылған табиғи газ өндірілетінін, оған 80 адам жұмысқа тартылатынын, өндірістен түсетін салық Шелек ауылдық округігің бюджетіне төленетінін тілге тиек етті Серік Тілеубек.

Тұрғындардың сұрақтарына жауап қайтарылып, қандай жұмысшылар қабылданатыны, негізінен жұмыс күші жергілікті жерден тартылатыны айтылды.

Округ әкімінің орынбасары Қуат  Абдакимов пен қоғамдық кеңестің мүшесі Бекболат Алтаев жиынға қатысып, инвесторлардың қолға алатын игі ісіне сәттілік тіледі.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.