+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Саясат

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округінің әкіміне кандидат Әжібек Еламан Сапарғалиұлының  САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Әжібек Еламан Сапарғалиұлы, 1996 жылы 30 мамырда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында дүниеге келдім. 2003 жылы Қаратұрық ауылындағы А.Саттаров атындағы орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданып, 2012 жылы 9 сыныпты бітіріп, Шелек ауылындағы Т.Кенжебаев атындағы орта мектебіне ауыстым. 2014 жылы мектеп бітіріп, Алматы қаласындағы Алматы технологиялық университетіне «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқуға түстім. 2018 жылы жоғарғы оқу орнын бітірдім. Еңбек жолымды 2019 жылдың 11 ақпанында Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай ауылдық округі әкімі аппаратына бас маман қызметінен бастадым. Қазіргі уақытта Асы ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып келемін.

Ауыл – еліміздің жүрегі. Сондықтан ауыл тұрмысын жандандырып, тамырына қан жүгірту – бүгінгі күннің басты мәселесі. Бұл мақсатта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Ауқымды жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Соларды ары қарай жүйелі жалғастырып, Бәйдібек би ауылдық округін дамыту – менің негізгі мақсатым.

Құрметті Бәйдібек би ауылдық округінің тұрғындары!

Менің сайлауалды бағдарламам ауылдық округ тұрғындарын толғандыратын келесі мәселелерді жүзеге асыруды қамтиды:

– Бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және олардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ экономикасының белсенді дамуына ықпал ету;

– Шаруа субъектілерінің өнімдерін шығару мен қайта өңдеуін арттыруға мүмкіндік беретін инвестициялық жобаларды іске асыру;

– Бәйдібек би ауылдық округі республикалық және халықаралық маңызы бар күре жолдың бойында орналасқандықтан, шағын және орта бизнесті дамытудың маңызы зор.

– Жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға ықпал ету, жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа жіберу, жастардың бос уақытын ұйымдастыру және мүгедектер мен еңбек ардагерлеріне қамқорлық жасау;

– Ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамытуға жағдай жасау, тұрғындардың әл-ауқаты арттыру мен олардың жұмыспен қамтылуы үшін қолайлы жағдайларды жасау;

– Көшелерді жарықтандыруды дамыту, кентішілік жолдарды жөндеу бойынша жұмыстарды жалғастыру;

– Ауыл аумағын кешенді абаттандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

– Кәсіпкерлер мен шаруалардың мемлекеттен берілетін көмектерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;

– Ауылды рұқсатсыз қоқыс тастайтын жерлерден санитарлық тазалау, тұрғын үйлердің айналасын абаттандыру.

Жергілікті биліктің негізгі басымдығы – адам, оның әл-ауқаты, өзін-өзі жүзеге асыруы, отбасы, денсаулығы, балалары, құқықтары мен бас бостандығының сақталуы болуы тиіс. Мен, Бәйдібек би ауылдық округінің  адал, мықты және перспективті болашағы үшін алдыма қойған мақсаттарды орындауда барлық күшім мен білімімді жұмсаймын. Мен Тәуелсіз, мықты және көркейген Қазақстанды кемелдендіру бойынша барлығымыз үшін ортақ болып келетін іске өз үлесімді қосуға дайынмын.