
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округінің әкіміне кандидат Егінбаев Қанат Болатұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Бәйдібек би ауылдық округінің тұрғындары!
Мен Егінбаев Қанат Болатұлы, 1988 жылы 7 шілдеде Шелек ауылында дүниеге келдім. 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2015 жылы Орталық Азия университетін тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2010 жылы «Жастар практикасы» бойынша Шелек ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман көмекшісі болып бастадым. Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту секторының жетекші маманы қызметін уақытша атқарушы, аталған бөлімде жетекші маман, Масақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Пошта байланыс торабының операторы болып қызмет еттім. 2012 жылы Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметіне орналасып, қазіргі уақытта аталған мекемеде бас маман қызметін атқарудамын.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:
– Округте әлеуметтік, білім, денсаулық сақтау, мәдени салаларының және әлеуметтік өмірдің сапалы жақсаруына бағытталған Бәйдібек би ауылдық округінің барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдарының тығыз, заң нормаларына сәйкес, үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз ету;
– Округтің жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрі сапалы қызметімен округ өміріне маңызды мәселелерін белгілеу мен шешуге жергілікті қоғамдастықты тарту;
– Ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін қолайлы жағдайларды жасау. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру;
– Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалары қызметінің тиімділігін арттыру, оларға азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін көптеп тарта отырып, бизнестің қоғамға адал қызмет етуіне жағдай жасау;
– Жұмыспен қамту деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асуын қамтамасыз ету. Жастардың жұмысқа қамтылуы мен орналастыру мәселесін шешу бойынша жұмысты жандандыру.
– Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға мүмкіндігінше әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету;
– Ауылдық округтің саниятариялық тазалығын, абаттандыру мен көгалдандыруын, ауылдардың ішкі автомобиль жолдарын уақытылы әрі сапалы жөндеуді, оларды тиісті жағдайда ұстауды, ауылдық округтің ауылдарын көше жарықтандырумен қамтылуын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыру;
– Тұрғындардың мәдени шараларға көптеп қатысуын қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін мәдени шараларды ұйымдастыру, тұрғындар және жастар арасында бұқаралық спорт пен саламатты өмір салтын дамыту;
– Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, ауылдық округте «тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік», «көршілер бақылауы» принциптеріне сәйкес құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыстар жүргізу, округ тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыруға жәрдемдемдесу.
Бұл – менің Бәйдібек би ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде ұсынып отырған сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары. Сіздермен бірлесе округ өміріне маңызды мәселерді шешудегі жүзеге асыратын жұмыстарға мүмкіндік беретініне сенімім мол.
