+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Балға мен қаламы – қос қанаты болған ұста

Ұлттық кітап күніне орай және ұста Дәркембай Шоқпарұлының туғанына 80 жыл толуына орай Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен, Абылай хан атындағы орта мектебінің оқушылары арасында  «Балға мен қаламы – қос қанаты болған ұста» атты еске алу кеші өтті.

Дәркембай Шоқпарұлының  өмірі мен шығармашылығын насихаттау арқылы оның ұлт мәдениеті мен өнеріне қосқан зор үлесін таныту, жас ұрпаққа еңбекқорлық, шеберлік, өнерге адалдық сияқты қасиеттерді үлгі ету, сонымен қатар, қолөнер мен рухани құндылықтарды дәріптеп, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, тарихи тұлғаларға деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды тағылымды шара.

Шара барысында кештің құрметті қонағы, ұстаның ізін жалғаған ұлы, ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің директоры Дәулет Дәркембайұлы әкесі туралы естеліктермен бөлісіп, әкелген қолөнер бұйымдармен таныстырды.

Гүлдана САРСЕНБАЕВА,

аудандық кітапхананың кітапханашысы.