
Кәсіподақ төрағасы есеп берді
Мектеп, балабақша және тағы басқа мекемелердің басшылары мен кәсіподақ төрағаларына «Алматы облысының білім беру қызметкерлері мен бюджеттік ұйымдарының кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы Серік Надырбаев 2025 жылдың қорытындысы бойынша есебін берді.
Төрағаның айтуынша, аудандық кәсіподақ құрамы кеңейіп, аудандағы арнайы орта білім беру ұйымдары мүше болып қатарға қосылғанын хабарлады. Келешекте тағы да кәсіподаққа қосылуға ниет білдірген ұйымдардың енгізілуі жоспарланғаны айтылды. Кәсіподақ мүшелерінің мүдделері мен құқықтары белсенді қорғалуда. Сөз кезегін алған кәсіподақтың заңгері А.Куленова барлық қойылған сұрақтар мен шешімін таппаған мәселелер заң аясында қаралып жатқандығын айтты және де кәсіподақ мүшелерінің мүдделері мен құқықтарын қорғауға бар күшін салатынын жеткізді.
Аудандық кәсіподақ тек қана құқық қорғаумен шектелмей, жыл бойы мүшелеріне арналған сайыстар, мерекелік кештер, ауызашар, сыйлықтар ұйымдастырып, аудандық білім бөлімі тарапынан жүргізілген іс-шараларға демеушілік көрсетеді. Сондай-ақ, жұмсалған қаражат бойынша есеп берілді. Бастауыш ұйымдарға қайтарылатын жарнаның әрқашан есебі жасалып, ашық жариялатындығы айтылды.
Кәсіподақ тарапынан әртүрлі шипажайлармен келісім жасалып, мұғалімдерге арналған жеңілдіктер ұйымдастырылған. Кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсетіліп, 2025 жылы жаңадан ашылған мектептерге түрлі түсті принтерлар табысталған.
Жиын барысында жыл бойы белсенділік танытып, өз жұмыстарын көрсете білген кәсіподақ мүшелерін С.Надырбаев алғыс хат және медальдермен марапаттап, ризашылығын білдірді.
Өз тілшіміз.
