
«Әділет» партиясының сайлауалды штабы еңбек қауіпсіздігіне қатысты ұсыныстарын түсіндірді
Сайлаулады штаб мүшелері Есік аудандық электр желісі (РЭС) ұжымымен кездесу өтті еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесудің негізгі тақырыбы қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу болды. Штаб мүшелері партия бағдарламасындағы осы бағытқа арналған ұсыныстар туралы ақпарат берді.
Бағдарламада өндіріс орындарын аттестаттаудан кәсіптік қауіп-қатерді бағалау жүйесіне көшу көзделген. Бұл жұмыс орнындағы қауіпті жағдайларды адам зардап шекпей тұрып анықтап, алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
2031 жылға қарай өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен қамтылған қызметкерлердің үлесін 90 пайызға жеткізу ұсынылған. Жазатайым оқиға болған жағдайда зардап шеккен адамның отбасы қажетті көмекті уақытылы алуға тиіс.
Еңбек қауіпсіздігіне қаржы бөліп, жарақаттану көрсеткішін азайтқан жұмыс берушілерге төмендетілген сақтандыру тарифтері мен арнайы жеңілдіктер беру де қарастырылған.
Кәсіпорын қызметкерлері еңбек қауіпсіздігіне қатысты ойларын ортаға салып, сайлауға белсенді қатысатынын жеткізді.
