
«Әділет» партиясы қауіпсіз әрі жарық қоғамдық орта қалыптастыруды ұсынады
Алматы облыстық сайлауалды штаб өкілдері Қаракемер ауылында орналасқан Кәсіптік техникалық колледж қызметкерлерімен кездесті.
Жиында тұрғындардың қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың заңды құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
Партияның сайлауалды бағдарламасында профилактикаға, цифрлық технологияларға және қоғамның сеніміне негізделген құқықтық тәртіп моделін қалыптастыру ұсынылған.
Аулалар мен көшелерді жарықтандыру, қоғамдық орындарды абаттандыру және үйге жақын маңдағы учаскелік полиция пункттерінің санын көбейту көзделген. Негізгі мақсат – әр азаматтың күндіз де, түнде де өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасау.
Сондай-ақ құқық қорғау органдарының Бірыңғай болжам-талдау орталығын құру қарастырылған. Бұл жүйе құқық бұзушылық болуы мүмкін аймақтарды алдын ала анықтап, профилактикалық шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.
Кездесу соңында ұйым қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікке қатысты ұсыныстарын білдіріп, сайлауға белсенді қатысатынын айтты.
