+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

«Әділет» партиясы ауыл мектептерін әдістемелік қолдауды күшейтуді көздейді

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы Абай қазақ орта мектебінің ұжымымен кездесті.

Жүздесу барысында ауыл мектептеріндегі білім сапасы, білікті педагогтерді тарту және оқушылардың заманауи білім алуына жағдай жасау мәселелері көтерілді.

Бағдарламада білікті мұғалімдерді ауылдар мен шалғай аудандарға тартуға арналған арнайы бағдарламаларды іске асыру көзделген. Ұлттық тірек ауыл мектептері желісі шағын жинақты мектептерге тұрақты әдістемелік көмек көрсетуге тиіс.

Ауыл балаларының ағылшын тілін меңгеру мүмкіндігін кеңейту үшін «English ауылда» бағдарламасын іске қосу ұсынылған. Жобаға еріктілер, онлайн тәлімгерлер, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері және халықаралық серіктестер тартылады.

Сонымен қатар ауыл мектептерінде математика мен физиканы оқыту сапасын арттырып, оқушыларды инженерлік және техникалық мамандықтарға ерте бейімдеу қарастырылған.

Кездесуде мұғалімдер ауыл мектебінің жағдайына қатысты ұсыныстарын ортаға салып, сайлауға белсенді қатысатынын жеткізді