+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Еңбекшіқазақ ауданындағы медицина қызметкерлерімен кездесті

«Әділет» партиясының сайлауалды штабының мүшелері Еңбекшіқазақ ауданындағы «Болашақ» алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының (АМСК) ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасындағы денсаулық сақтау саласына қатысты негізгі бастамалар таныстырылды. Ана мен бала денсаулығын қорғау, балалар ауруларын ерте анықтау және перинаталдық көмектің сапасын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Бағдарламаға сәйкес, елімізде тоғыз перинаталдық орталықтың құрылысын аяқтау жоспарланған. Әрбір ана мен бала тұрғылықты жеріне қарамастан әлемдік стандарттарға сай сапалы медициналық көмек алуға тиіс.

Сондай-ақ балалардың тұқым қуалайтын және сирек кездесетін ауруларын ерте анықтау мақсатында неонаталдық скринингті кеңейту ұсынылған. Бұл ауруларды дер кезінде анықтап, емдеуді уақытылы бастауға және мүгедектік қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар әрбір ауданда оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттыру, балалар мен ересектерге арналған оңалту орталықтарының желісін кеңейту көзделген.

Кездесу соңында медицина қызметкерлері сайлауалды бағдарламадағы ұсыныстар бойынша өз пікірлерін білдіріп, алдағы сайлауға белсенді қатысатындарын жеткізді.