+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Кешірім мен келісім – бейбіт өмір кепілі

  2026 жылғы  17 қыркүйекте  Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылы, «Үміт» балабақшасында «Елдесу және татуласу» жобасы аясында «Кешірім мен келісім – бейбіт өмір кепілі» тақырыбында балабақша қызметкерлерінің қатысуымен өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтуға бағытталған тәрбиелік шара өткізілді. Шара барысында кешірімнің адам қарым-қатынасындағы маңызы, өзара келісімге келу, түсіністік таныту және келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу мәселелері талқыланды.

Шараның негізгі мақсаты – ұжым арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру, кешірімділік пен өзара сыйластық құндылықтарын дәріптеу және бейбітшілік пен келісімді нығайту.

Қатысушылар пікір алмасып, түрлі жағдаяттарды талқылау арқылы ұжымдағы татулық пен бірліктің маңызын атап өтті. Сонымен қатар, бір-біріне жылы лебіз білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.