
Заң және тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі
17 қыркүйек күні Қаракемер кәсіптік колледжінде «Заң және тәртіп» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдық қауіпсіздік талаптарын түсіндіру.
Іс-шараға округ әкімінің орынбасары А. Әділханұлы, учаскелік полиция инспекторы Д. Байқұтұлы және колледж мамандары қатысты.
Кездесу барысында студенттерге терроризм мен экстремизмнің алдын алу шаралары, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі ақпаратты дұрыс қабылдау мәселелері түсіндірілді. Жастарға күмәнді ақпараттарды таратпау, арандатушылық сипаттағы материалдарға жол бермеу және қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара соңында студенттерге қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда әр азаматтың жауапкершілігі маңызды екені атап өтілді.
