
Кешірім мен келісім – бейбіт өмір кепілі
2026 жылғы 17 қыркүйекте Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылы, «Үміт» балабақшасында «Елдесу және татуласу» жобасы аясында «Кешірім мен келісім – бейбіт өмір кепілі» тақырыбында балабақша қызметкерлерінің қатысуымен өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтуға бағытталған тәрбиелік шара өткізілді. Шара барысында кешірімнің адам қарым-қатынасындағы маңызы, өзара келісімге келу, түсіністік таныту және келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу мәселелері талқыланды.Шараның негізгі мақсаты – ұжым арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру, кешірімділік пен өзара сыйластық құндылықтарын дәріптеу және бейбітшілік пен келісімді нығайту.
Қатысушылар пікір алмасып, түрлі жағдаяттарды талқылау арқылы ұжымдағы татулық пен бірліктің маңызын атап өтті. Сонымен қатар, бір-біріне жылы лебіз білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.
