+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Экономиканы дамыту және технологиялық жаңғыру – басты басымдықтардың бірі

Саймасай ауылындағы Садыр орта мектебінің ұжымымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген экономика және технология саласындағы басым бағыттарды түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында инвестиция тарту, көлік-логистика саласын дамыту, энергетикалық әлеуетті арттыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу және өнеркәсіпті әртараптандыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Аталған бағыттардың еліміздің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндіріс көлемін арттыруға және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге қосатын үлесі атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушылар елдің тұрақты дамуы үшін экономикалық жаңғыру мен заманауи технологияларды тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.