+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Қалалар мен өңірлерді дамыту – тұрақты дамудың маңызды кепілі

Түрген ауылы Ломоносов орта мектебінің ұжымымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған қалалар мен өңірлерді дамыту бағыттары бойынша түсіндіру кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында ірі қалалардың орта және ұзақ мерзімді даму жоспарларын бекіту, қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын әзірлеу және заманауи технологияларды қалалық басқару жүйесіне енгізу мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар қауіпсіз әрі жайлы қалалық орта қалыптастыру, инфрақұрылымды тиімді жоспарлау және өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.

Аталған бастамалар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, қалалар мен өңірлердің заманауи талаптарға сай дамуына жол ашады.