+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Өңірлерді дамыту – ортақ міндет

Қаракемер ауылының тұрғындарымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген қалалар мен өңірлерді дамыту бағыттарын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту, қалалар мен ауылдардың даму әлеуетін арттыру, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және халыққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ тұрғындарға өңірлердің орта және ұзақ мерзімді даму жоспарларының маңызы түсіндіріліп, ауылдық аумақтарды өркендету бағытындағы бастамаларға тоқталды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.