
Бартоғай бастауыш партия ұйымында Жолдауды түсіндіру жұмыстары өтті
Бартоғай бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген негізгі міндеттер мен басым бағыттарды түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, цифрландыру және өңірлерді дамыту мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар Жолдауда айтылған бастамаларды іске асырудың маңыздылығы атап өтіліп, қатысушылар арасында пікір алмасу жүргізілді.
